Милич Чурчич:«Қызылжар» жанкүйерлерінен кешірім сұраймын

05.05.2025, 20:25

Петропавлдық «Қызылжар» командасының бас бапкері Милич Чурчич Премьер-лиганың жетінші туры аясында «Тобылмен» өткен ойыннан кейін өз пікірін білдірді.

 

Милич Чурчич:«Қызылжар» жанкүйерлерінен кешірім сұраймын

— Ең алдымен, «Тобыл» командасы мен олардың жанкүйерлерін жеңіспен құттықтағым келеді. Алайда, ойынды тең дәрежеде өтті деп есептеймін. Бізде екінші таймда жақсы мүмкіндіктер болды. Соңғы баспасөз мәслихатымда айтқанымдай, бізге физикалық дайындық жетіспейді. Бұл сылтау емес. Бұл бағытта өте байыппен жұмыс істеуіміз керек.

«Қызылжар» жанкүйерлерінен және Петропавл қаласы тұрғындарынан осындай ойын үшін кешірім сұраймын. Бірақ мен өз жігіттеріме алғыс білдіремін. Олар бүгін өте жақсы еңбек етті. Алаңда үлкен құлшыныс пен эмоция көрсетті. Әрине, өкінішті. Мүмкіндіктер болды. Алайда нәтиже осындай. Дегенмен, алғашқы 70-80 минуттағы қозғалысымызға риза болдым. Бізге сәл ғана жетпей тұр, жұмыс істеуіміз қажет, — деді Чурчич.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×