Гризманн «Барселонада» қала ма?

08.07.2020, 15:55
Гризманн «Барселонада» қалатын боп шешті.
Гризманн «Барселонада» қала ма?

Француз шабуылшысы Антуан Гризманн келесі маусымда "Барселонада" қалады, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клубтың басшылығы французбен келіссөздер жүргізіп, ойыншыны клубта қалдыруға көндірген. Бұған дейін каталондықтар француз ойыншысын үш клубқа - "Парис Сен-Жермен", "Интер" және "Ювентусқа" ұсынғандығы туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» те ойыншыға қызығушылық танытып отыр.

Антуан Гризманн "Барселонаға" Мадридтің "Атлетикосынан" 2019 жылдың жазында көшіп келді. Трансфер ққны 120 миллион еуроны құраған еді. Испания чемпионатының ағымдағы маусымында Гризманн 33 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Форвардтың "Барселонамен" қазіргі келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×