Үлкен үзілістен кейін үздік ойын көрсеткен футболшылар

08.07.2020, 15:40
Левандовски бұл қарқынымен «Алтын допты» алмай қоймайды
Үлкен үзілістен кейін үздік ойын көрсеткен футболшылар

Bleacher Report американдық жаңалықтар порталы коронавирустық пандемиямен үзілген Еуропадағы маусымның қайта басталуынан кейін үздік ойыншылардың рейтингін жасады.

Ең үздік ойыншы «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски болды, ол 10 ойында 12 рет гол соқты. Оның артынан аргентиналық Лионель Месси 7 кездесуде 3 гол және 7 нәтижелі пас. «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 6 ойында 4 гол және 1 нәтижелі пас беріп, үздік үштікті аяқтады.

Толық рейтинг келесідей:

1. Роберт Левандовски ("Бавария") - 10 кездесуде 12 гол;

2. Лионель Месси ("Барселона") - 7 ойында 3 гол және 7 голдық пас;

3. Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") - 6 ойында 4 гол және 1 голдық пас;

4. Карим Бензема ("Реал Мадрид") - 7 ойында 3 гол және 1 голдық пас;

5. Серхио Рамос ("Реал Мадрид") - 7 ойында 5 гол;

6. Давид Алаба, ("Бавария") - өткізілген 10 ойынның 5-еуінде гол жібермеді;

7. Бруно Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") - 5 ойында 4 гол және 2 голдық пас;

8. Кай Хаверц ("Байер") - 9 ойында 7 гол;

9. Томас Мюллер ("Бавария") - 10 ойында 5 голдық пас;

10. Криштиану Роналду ("Ювентус") - 6 ойында 4 гол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×