Гвардиола: «Мессидің «Барселонада» қалғанын қалаймын»

08.07.2020, 03:17
Гвардиола осылай деп тұрса, енді Месси қай клубқа ауысады?
Гвардиола: «Мессидің «Барселонада» қалғанын қалаймын»

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола шабуылшы Лионель Мессидің «Барселонадан» кетуі мүмкін екендігі туралы түсінік берді.

Естеріңізге сала кетейік, Месси Гвардиоланың басшылығымен Каталондық клубта 2008-2012 жылдар аралығында ойнаған.

«Мен маусымның аяғына дейін трансфер туралы сөйлеспеймін. Мессидің Барселонада қалғанын қалаймын», - деді Гвардиола.

Мессидің «Барселонамен» келісімшарты келесі маусымның соңына дейін есептелген. Бұған дейін ойыншының Каталониялық клубтан кетуге ниетті екендігі хабарланған болатын. Кейінірек «Барселона» Мессидің жалақысын төмендетуді жоспарлап отыр деген ақпарат тарады.

Испания чемпионатының ағымдағы маусымында Месси 29 матч өткізіп, 22 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. «Барселона» чемпионатта 34 турдан кейін 2-ші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×