Гризманн соңғы екі жылда алғаш рет жарақат алды

21.02.2024, 20:37

Антуан Гризманн “Атлетико Мадридтің” “Интерге” қарсы кездесуінде жарақат алды, деп жазады Аладоп.кз. 

Гризманн соңғы екі жылда алғаш рет жарақат алды

Шабуылшы матчтың 78 минутында аяғындағы ауырсынудың кесірінен алаңнан кетуге мәжбүр болды. 

Бүгін “матрасшылар” клубының дәрігерлері Антуанның тобық сіңірінің орташа деңгейдегі созылғандығы жайында мағлұмат берді.

Гризманның “Интерге” қарсы қарымта матчты өткізіп алу қаупі жоғары. Бірақ соған қарамастан француз келер кездесуге дейін қалыпқа келуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек Антуан соңғы рет 2022 жылдың қаңтар айында жарақат алды. Ол кезде шабуылшы аяқ бұлшықетінің жарақатына байланысты жарты жыл футболдан алыстап қалған еді.

Осы маусымда 32 жастағы ойыншы барлығы 36 матчта 18 гол мен 7 голдық пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×