Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы “Winter Cup” турнирінің үшінші орынға талас кездесуінде жарақат алды

21.02.2024, 20:58

“Ақтөбе” мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов “Winter Cup” турнирінің “Елімайға” қарсы матчында қарсылас ойыншысымен соқтығысып, жарақат алды, деп жазады Аладоп.кз (2:2, пен: 3:2).

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы “Winter Cup” турнирінің үшінші орынға талас кездесуінде жарақат алды

23 жастағы ойыншы әдеттегідей ойынды “Ақтөбенің” бастапқы құрамында бастаған. Барлығы ойынның 66 минутына дейін жақсы болып келе жатқан еді. Алайда Дмитрий Шомкомен қақтығыстан кейін Арман алаңда біраз уақыт жатып қалды. Ойыншы тек дәрігерлердің көмегімен ғана өз орнын босата алды.

Жалпы Арман “Ақтөбе” үшін барлық турнирлерде 52 ойын өткізіп, 8 гол мен 2 голдық пас берді.

Кеңесов ұлттық құрама сапында 2023 жылдың шілде айынан бері 3 ойын өткізіп үлгерді.

Футболшының жағдайына байланысты қолданылатын нақты ем-шаралар мед.тексерістен кейін нақтыланбақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×