Абат Айымбетовтың командаластары естелік жейделерімен марапатталды

21.02.2024, 21:46

Кәсіби мансабында 100 голын соққан Эмре Акбаба мен 200 голын соққан Марио Балотеллиге “Адана Демирспор” клубы естелік жейделерін табыстады, деп жазады Аладоп.кз.

Абат Айымбетовтың командаластары естелік жейделерімен марапатталды

Эмре өз мансабындағы 100 голын Түркия Суперлигасы аясында “Аланьяспорға” қарсы 26-тур кездесуінде пенальтиден соқты. Бұған дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы “Галатасарай”, “Аланьяспор” және “Антальяспор”қатарында жүріп те голдық көрсеткіштермен көзге түсен болатын.

Ал Балотелли болса, өз мансабындағы 200 голын Түркия Суперлигасы аясында “Касымпашаға” қарсы 25-тур кездесуінің аяқталар тұсына 3 минут қалғанда соққан еді. Супер Марио ішкі біріншіліктің соңғы 7 кездесуінің 4 қанжығасын майлап қайтқан. Ол Луиш Нани, Юсуф Эрдоган, Эмре Акбаба және Мбайе Ньянг сынды голеадорлармен қатар клубтың үздік сұрмергені атағына талас құруда. 

Еске салайық, 2024 жылдың 1 ақпанынан бері “Адана” сапында отандасымыз Абат Айымбетов өнер көрсетеді. Шабуылшы түрік командасында 2 ойын өткізіп үлгерді. Әзірге Айымбетов сол матчтарда нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×