Таласқа түскелі отырған ұжым

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
21.02.2024, 22:56

Былтырғы жылдың соңында Ермухамед Мәулен өзінің телеграм каналында Жамбыл облысы Қаратау қаласынан Талас атты футбол клубтың құрылғалы жатқанын жазған болатын.Енді міне Доп домалақ телеграм каналының тілшісі сол клубпен толығырақ танысу мақсатында клуб директоры Бөлегенов Дүйсенбай Сүлейұлымен сұқбаттасқан болатын.

Таласқа түскелі отырған ұжым

- Дүйсенбай аға құрылып жатқан клуб жөнінде, дайындық барысы жөнінде бір ауыз айтып өтсеңіз.

- Біз былтырғы жылдың соңында Талас ауданы әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлының қолдауымен Қаратау қаласында Талас деп аталатын футбол клубын құруды қолға алдық, қазіргі таңда біз федерация тарапынан сертификациядан өтудеміз, стадионымызды ретке келтіріп те қойдық,ал дайындық барысы жөнінде айтар болсақ қазір біз тек жергілікті жастармен оқу жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз,және Таразда жергілікті футбол командаларымен бірнеше жолдастық кездесулер өткіздік, келесі о.ж.ж Шымкент қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз, сол жиында қатарымызға бірнеше тәжірбиелі ойыншыларды қоспақпыз.

 

-Ал бұл Фк Таластың алдыңғы Қаратаулық "Фк Лашын"," Фк Игілік" клубтарына қандай да бір заңды тұрғыда қатысы бар ма?

- Ол клубтарға ешқандай қатысы жоқ, Лашын 2015 жылы жабылып қалған болатын, ал Игілік ол жеке меншік клуб болатын және ол да 2022 де өз қызметін тоқтатты.

 

- Біріншілікті қай лигадан бастамақсыздар?

- Кез келген жаңадан құрылған клуб ретінде екінші лигадан бастаймыз.

 

- Алға қойған мақсаттарыңыз қандай болмақ?

- Мақсатымыз бірінші лигаға жолдама алу және жергілікті жастарды тәрбиелеп облыс намысын қорғайтын Тараз футбол клубына және ұлттық құрама сапына қосу, өздеріңіз білетіндей Талас ауданынан талай футбол саңлақтары шыққан, атап айтсак КСРО құрамасымен Сеул олимпиядасының чемпионы атанған Евгений Яровенко және Александр Шмариков, Христофор Коскиниди, Анатолий Бельский, Денис Попов, Владимир Яровенко, Шәріп Омаров, Қазыбек Мырзақұлов, Ахан Сатылғанов, бертін келе Қайрат Сүлей, Нұртас Кургулин, Әлішер Сүлей,Қайрат Сүлей, Думан Тұрсынбай,Ұлан Қонысбаев, Шейхислам Құлахметов сынды футболшылар ауданымыздың мақтаныштары,әлі де талай футболшылар шығады деген сенімдеміз.

 

- Сұқбатыңызға рахмет, сіздерге алдағы уақыттарда сәттілік тілейміз.

-Рахмет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×