Гризманн жарақат алды

12.07.2020, 17:01
Чемпиондар Лигасына дейін үлгеруі мүмкін.
Гризманн жарақат алды

Football Espana хабарлағандай, «Барселонаның» 29 жастағы француз шабуылшысы Антуан Гризманн Испания біріншілігінің 36-турындағы «Вальядолидпен» матчта (1:0) жарақат алды.

Шабуылшы үзілісте ауыстырылып, орнына уругвайлық Луис Суарес шықты. Енді Гризманнды терең медициналық тексерістен өткізуге тура келеді, бірақ қазір кейбір испандық БАҚ бұлшықет аймағына зақым келгендіктен Испания чемпионатының қалған матчтарын жібеоіп алуы мүмкін деп хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Ла Лигадағы қалған екі матчта "Барселона" "Осасуна" және "Алавеспен" кездеседі. "Барселона" турнир кестесінде екінші орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×