Ресей ұлттық құрамасының және махачкалалық "Анжи"-дің бұрынғы жаттықтырушысы Гус Хиддинк жақын арада Марокко ұлттық құрамасының бас бапкеруі болуы мүмкін,- деп мәлімдеді
http://sovsport.ru/басылымы.
Қазіргі уақытта Мароко ұлттық құрамасын Рашид Тоуси жаттықтырады.Бұл бапкердің басшылығымен мороккалықтар 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына берілер жолдамадан топтық кезеңде-ақ айырылып қалған болатын.
67 жасар Хиддинк мырзаға, "Анжи" - ден кеткеннен кейін, Австралия мен Голландия ұлттық құрамалары қызығушылық танытқан.
Абылайхан ЖҰМАШ