Шахтер командасының 25 жасар жартылай қорғаушысы Армения ұлттық құрамасының ойыншысы Геворг Казарян қарағандылық "Шахтер" командасымен 2 жылдық келісім-шарт жасасты. Жазғы трансферлік ауыс-түйіс барысында Геворг Казарян «Металлург» (Донецк) командасынан Шахтер (Қарағанды) командасына жалға берілді.Қос ұжымның өкілдері ортақ келісімге келіп, Казарян толықтай кеншілердің ойыншысы атанды.Ендігі қалғаны футболшының трансферлік ақысын төлеу . Абылайхан Жұмаш