Гвардиола «Манчестер Ситиде» қорғаушылар сатып алу үшін жарты миллиардқа жуық қаражат жұмсаған

28.09.2020, 23:05
Бірақ бұл қорғаныстан пайда болмауда. Кеше «Лестерден» 5 гол жіберіп алды.
Гвардиола «Манчестер Ситиде» қорғаушылар сатып алу үшін жарты миллиардқа жуық қаражат жұмсаған

«Манчестер Сити» бас бапкер Хосеп Гвардиоланың басшылығымен қорғаушылар сатып алу үшін 440 миллионнан астам қаражат жұмсаған, деп жазды Goal басылымы.

Испаниялық маман "Манчестер Ситиде" 9 қорғаушы сатып алған: Джон Стоунс (52,2 миллион еуро), Бенджамин Менди (57,2 миллион еуро), Кайл Уокер (49,5 миллион еуро), Эмерик Ляпорт (62,7 миллион еуро), Данило (29,1 миллион еуро), Анхелиньо (12,1 миллион еуро), Жоао Кансело (66 миллион еуро), Натан Аке (45,1 миллион еуро) және Рубен Диас (68,2 миллион еуро). Барлығы - 442,1 миллион еуроны құрады.

Кеше, 27 қыркүйекте португалиялық «Бенфика» қорғаушы Рубен Диастың «Манчестер Ситиге» ауысқанын жариялады. Қорғаушы Николас Отаменди Лиссабондық клубқа қарсы бағытта ауысады. Өткен маусымда Рубен Диас барлық турнирлерде 49 матч өткізіп, үш гол соқты және үш нәтижелі пас берді, сонымен бірге 12 сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×