«Қайрат» бұрынғы әдетіне қайта басты ма?

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
28.09.2020, 23:47
Қазақстан Премьер-лигасындағы тартыс енді басталады.
«Қайрат» бұрынғы әдетіне қайта басты ма?

Чемпионат бел ортасына жақындады. Карантиннен кейін алматылық "Қайрат" өте жақсы ойнады, бірақ қазір тамыз айындағыдай ойнай алмауда. Мұның себебі неде? Жасыратыны жоқ, тек "Қайратта" ғана дайындалуға жағдай бар, дәлірек айтсақ, өзінің базасы бар. Карантин кезінде, барлық клубтар үш ай үйде болған кезде (тыйым салынған болатын), "Қайрат" өзінің базасында чемпионатқа дайындықты жалғастырды. Олар жақсы дайындалып, команда керемет формада болды және барлығын қатарынан жеңді.

Чемпионат қайта басталғаннан кейін алматылықтар "Жетісуды" - 3:0, "Каспийді" - 3:0, "Ордабасы" мен "Тобылды" - 3:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл матчтарда "Қайрат" физикалық тұрғыдан қарсыластарына қарағанда күшті көрінді. "Қайрат" сияқты жағдай жасай алмаған клубтардың да кінәсі көп. Қазір жағдай сәл өзгерді. Барлық клубтар матчтан матчқа ойынын жақсартуда. Сол "Оқжетпес" пен "Қызылжар" қарсыластарымен тең дәрежеде ойнай алатындықтарын іс жүзінде көрсетті. Петропавлдықтар "Қайратпен" болған матчтың соңғы минуттарында бір ұпай алуы мүмкін еді, ал "Оқжетпес" "Қайраттан" жақсы ойнады, нәтижесінде - 3:3 есебі тіркелді.

Дәл осындай жағдай "Астанаға" да қатысты. Команда чемпионатқа дайындықты тек шілде айының соңында бастады және қайта жалғасқан маусымда сәтсіз бастады, бірақ соңғы ойындарға қарағанда астаналықтар жағдайды өз бақылауына алып, футбол ойнай бастады (соңғы екі ойында екі жеңіс жалпы есеппен 4:0).

Біз "Астананың" ойынына жиі сын айтамыз, бірақ кешегі ойыны мақтауға лайық. Кеше "Астананы" тану мүмкін болмады. Соңғы ойындарға қарағанда, команда бабына келген секілді. Елордалық клуб "Жетісумен" матчта бәріне қол жеткізді.

Эшуорттың шәкірттері әртүрлі тәсілдермен ойнай бастады - қорғаушылардың (Бейсебеков) шабуылшыларға (Томасов, Барсегян) асырған диагональ пастары керемет шықты. Қысқа пас арқылы позициялық шабуылдар да жасады. Елордалық клубтың мұндай ойыны "Жетісу" ойыншыларын мазалап, Огайдың жоспары орындалмады. "Жетісу" бүкіл құраммен қорғанған кезде бірдеңе ойлап табу қиын, сол кезде стандарттар көмекке келді (Томашевич дубль жасады). "Жетісу" шабуылдап, ашыла бастаған кезде, "Астана" "Манчестер Сити" клубының стиліндегі тики-такаға жүгініп, ірі нәтиже тіркеді (Бейсебеков) - 3:0.

Команданың тәжірибесі мол және бүгінгі матчтағыдай әрқашан бірінші нөмірде ойнауы керек. Астаналық клубтың жанында "Жетісу" бүгін аутсайдер болып көрінді, бірақ Талдықорғандықтар төрт матчтан тұратын жеңісті серияға ие болды және командаға үздік үштікке кіру міндеті жүктелді. Футболшылардың формасына сену қиын, өйткені чемпионат бел ортасына таяды, алда әлі 10 тур және Премьер-Лиганың ең қызықты бөлігі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×