Гвардиола: «Мессидің мансабын «Барселонада» аяқтағанын қалаймын»

21.11.2020, 03:50
Пеп күні кеше «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартқан болатын.
Гвардиола: «Мессидің мансабын «Барселонада» аяқтағанын қалаймын»

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессидің болашағы туралы өз ойын білдірді.

"Лионель Месси - "Барселонаның" ойыншысы. Мен ойыншы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де маған жасаған жақсылықтары үшін "Барселонаға" өте ризамын. Мен Мессидің мансабын Каталонияда аяқтағанын қалаймын деп бірнеше рет айтқан болатынмын.

Мен оның не ойлағанын білмеймін. Біз тек өзіміздің алдымызға керемет мақсаттар қойдық. Мен бұл туралы басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Гвардиола "Манчестер Сити" клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Қазір "Манчестер Сити" Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 12 ұпаймен оныншы орында тұр. "Қала тұрғындары" премьер-лигадағы келесі матчын ертең, 21 қарашада, "Тоттенхэмге" қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-да басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×