Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасына қатысқаны үшін қанша ақша алатыны белгілі болды

21.11.2020, 16:14
Бірінші орын алғанда бұл сома екі еселенер еді.
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасына қатысқаны үшін қанша ақша алатыны белгілі болды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасына қатысқаны үшін қанша ақша алғаны белгілі болды.

Алты ойынның қорытындысы бойынша біздің команда топтағы соңғы орынды иеленді және С лигасындағы орнын сақтап қалу үшін Молдовамен өтпелі матч ойнайды.

Ұлттар лигасында ойнағаны үшін УЕФА ҚФФ-ға 1,125 миллион еуро аударады. Алайда, топта бірінші орын алған жағдайда, Михал Билектің командасы екі есе көп ақша табуы мүмкін еді. С лигасындағы топ жеңімпазы 1.125 еуро бонус алады. Яғни, Қазақстан құрамасы топта жеңіске жеткен жағдайда 2,25 миллион еуро табуы мүмкін еді(турнирге қатысқаны және жеңгені үшін).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×