Гвардиола: «Ойыншыларым жарақат алмасын деп күн сайын дұға етемін»

24.10.2020, 23:36
Гвардиола күнтізбенің тым қатал екннін айтып, ашынды.
Гвардиола: «Ойыншыларым жарақат алмасын деп күн сайын дұға етемін»

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола коронавирус пандемиясына байланысты футболшылардың жұмысының қиындағанын атап өтті.

«Мен футболды жақсы көремін, өзім ойнағанды одар да қатты жақсы көремін, теледидардан матч көргенді де ұнатамын. Жалпы футболға қатысты барлық нәрсені жақсы көремін. Қазіргі жағдай ойыншылар үшін қиынға соғуда. Олардың психологиялық және физикалық тұрғыдан демалуларына уақыты жоқ. Бізде барлық жарыстар мен матчтарды орналастыруға 365 күн бар. Қазіргі пандемиялық жағдайды ескере отырып, жағдай одан сайын күрделене түсуде. Күнтізбе, әсіресе еуропалық жарыста ойнайтын командалар үшін тым қатал.

Бізде маусым алдындағы қалыпты жаттығуға уақыт жоқ. Қатал күнтізбені ескеретін болсақ, бұл жарақатқа әкеледі. Және бұл ешкімге құпия емес. Менің ойыншыларым жарақат алмасын деп күн сайын дұға етемін», - деді Гвардиола Goal.com сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×