«Қайрат» қорғаушысы командадан кетуді жоспарлап отыр

25.10.2020, 01:18
Денис Поляков командаға келгеннен кейін бұл ойыншы туралы ұмытты.
«Қайрат» қорғаушысы командадан кетуді жоспарлап отыр

«Қайраттың» қорғаушысы Нұрлан Дайыров маусым аяқталған соң басқа командаға ауыспақ. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет хабарлады.

25 жастағы футболшы ойын уақытының жетіспейтініне қапалы. Ол бас бапкер Алексей Шпилевский мүмкіндік бермейтіндіктен басқа командаға ауысуды жоспарлап отыр.

Футболшы маусым ортасында «Оқжетпеске» жалға кетуді қарастырған, алайда ол кезде Алексей Шпилевский жас ойыншыны басқа клубқа жібергісі келмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×