Гвинея құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Суданмен ойнады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.
«Қайраттың» 31 жастағы шабуылшысы Хосе Канте негізгі құрамда шығып, 48-минутта есеп ашты, ал 84-минутта алаңдағы орнын командаласына босатып берді.
Айта кетейік, бұл Хосе Кантенің осы іріктеу цикліндегі алғашқы голы.
Үш матч өткізген Гвинея құрамасы үш ұпаймен І тобында үшінші орында тұр. Бұл топта Марокко, Гвинея-Бисау және Судан құрамалары өнер көрсетуде.
Біздің серіктес: FONBET