Италия құрамасы Ұлттар Лигасының қола жүлдесіне ие болды

11.10.2021, 02:00
Роберто Манчини шәкірттері кубок жеңбесе де, қола жүлде иеленді
Италия құрамасы Ұлттар Лигасының қола жүлдесіне ие болды

Туриндегі "Альянц" стадионында Италия мен Бельгия құрамалары Ұлттар Лигасының қола жүлдесін сарапқа салды. Матч 2:1 есебімен "Скуадра Адзурраның" пайдасына аяқталды.

46-минутта Никола Барелла алыстан тамаша соққы жасап, есеп ашты. 65-минутта Доменико Берарди пенальтиді сәтті орындады. Бірақ матчтың аяқталуына төрт минут қалғанда Шарль де Кетеларе Кевин Де Брёйненің пасынан кейін есепті қысқартты.

Ұлттар Лигасының финалында Испания мен Франция құрамалары кездеседі. Бұл матч бүгін түнде 00:45-те басталады.

Жартылай финалда "қызыл фурия" италиялықтарды 2:1 есебімен ұтса, француздар 3:2 есебімен бельгиялықтардан басым түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×