Гвинея құрамасында ойнайтын «Қайрат» шабуылшысы гол соқты

10.10.2021, 21:32
Бұл оның осы іріктеу кезеңіндегі алғашқы голы.
Гвинея құрамасында ойнайтын «Қайрат» шабуылшысы гол соқты

Гвинея құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Суданмен ойнады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

«Қайраттың» 31 жастағы шабуылшысы Хосе Канте негізгі құрамда шығып, 48-минутта есеп ашты, ал 84-минутта алаңдағы орнын командаласына босатып берді.

Айта кетейік, бұл Хосе Кантенің осы іріктеу цикліндегі алғашқы голы.

Үш матч өткізген Гвинея құрамасы үш ұпаймен І тобында үшінші орында тұр. Бұл топта Марокко, Гвинея-Бисау және Судан құрамалары өнер көрсетуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×