Хабиб Нұрмағамбетов футбол тарихындағы ең үздік матчты атады

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
07.09.2020, 19:33
Хабиб Нұрмағамбетов футбол тарихындағы ең үздік матчты атады

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмағамбетов өз пікірі бойынша футболдағы ең тартысы өткен ойынды атады.

Хабибтің пікірінше ең үздік матч Чемпиондар Лигасындағы 2002/2003 жылғы маусымының 1/4 финалында өткен "Манчестер Юнайтед" пен "Реал Мадрид" арасындағы 4:3 есебі тіркелген ойын екен. Ал бірінші ойын 3:1 есебімен Испания клубының еншісіне жазылған болатын. Қос ойынның қорытындысы бойынша "Реал" жартылай финалға өткен болатын.

"Тарихтағы ең ұлы матч" - деп жазды Хабиб өз инстаграм сторисына.


Еске салайық Хабиб Нұрмағамбетовтың соңғы қарсыласы Дастин Порье болған еді. Ресейлік американдықты 2019 жылдың қыркүйек айында тізе бүктірді. Қазір оның есебінде 28 кездесу мен 28 жеңіс бар. Ал келесі қарсыласы мамыр айында Тони Фергюсоннан басым түскен Джастин Гэтжи. Жекпе-жек 24 қазан күні өтеді. Гэджи MMA бойынша 24 жекпе-жек өткізіп 22 мәрте жеңіске жетіп, 2 рет қарсыласына жол берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×