«Ақтөбе» жолдастық кездесуде «Ақжайықты» ірі есеппен жеңді

07.09.2020, 20:16
«Ақтөбе» Бірінші лиганың басталуына дайындалу үстінде.
«Ақтөбе» жолдастық кездесуде «Ақжайықты» ірі есеппен жеңді

"Ақтөбе" футбол клубы "Ақжайықпен" өткен жолдастық кездесуде 3:0 есебімен басым түсті. Матч Ақтөбедегі "Қобыланды батыр" стадионында өтті.

"Ақтөбе" сапынан Джорджевич екі голдың авторы атанса, Сомородов өз командасының үшінші голын соқты.

Еске салайық, "Ақтөбе" биыл бірінші лигада өнер көрсететін болады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бірінші лига екі конференцияға бөлінген болатын. "Ақтөбе" клубы бірінші конференцияда "Алтай", "Мақтаарал", "Байқоңыр", "Қыран", "Екібастұз", "Арыс" секілді командалармен бақ сынасады. Бірінші лига 12 қыркүйекте басталады деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×