Хайруллин «Атыраудың» ойыншысы атанды

07.02.2017, 04:22
Хайруллин «Атыраудың» ойыншысы атанды

Хайруллин – ресейлік футболдың түлегі, бірнеше позицияда ойнай алады. Былтырғы маусымды «Оқжетпес» сапында өткізіп, 28 матчта 8 гол соқты. Қазақстанда Марат «Ақтөбеде» көрсеткен өнерімен танылған болатын. Сондай-ақ, Ресейдің «Рубин-2» (Қазан) және «Волга» (Нижний Новгород) клубтарында ойнады. 2011 жылы Хайруллин Қазақстанның азаматтығын алып, еліміздің құрамасына шақырыла бастады. Бүгінге дейін ол Қазақстан құрамасы сапында 13 матчқа қатысты.

Нұрсұлтан Оразымбет

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×