Футзалшыларымыз Беларусь құрамасынан ұтылды

07.02.2017, 03:33
Футзалшыларымыз Беларусь құрамасынан ұтылды
Футзалдан Қазақстан құрамасы жаңа бапкер Алесионың бапкерлігімен алғашқы матчын өткізді. Мықты құрама деп саналатын Беларуське қарсы ойын көпшілік үшін қызық болған. Бұл кездесу 2018 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеуіне дайындық деп саналған. Бірінші он минуттықта қазақстандықтар басым болған. Александр Довгань мен Шыңғыс Есенаманов қарсылас қақпасына қауіп төндірді. Екінші таймда отандастарымыз қарқынынан таймай Дуглас пен Есенаманов бірінен кейін бірі соққы жасады. Соңғы минуттарда Қазақстан командасы алға ұмтылып гол соғуға жақын болды. Алайда, қарымта шабуылдан қонақтар гол соғып жеңісті жұлып әкетті. Көзге түскен – Владислав Селюк. Жолдастық кездесу   Қазақстан 0:1 Беларусь Қазақстан: Гуров, Шамро, Кнауб, Жаманқұлов, Сүлейменов, Довгань, Есенаманов, Першин, Таку, Дуглас, Солуменко, Рындин, Турегазин, Акбаликов, Оразов, Беларусь: Головнев, Гусаков, Крыкун, Алейников, Лазюк, Чурилин, Ольшевский, Силивончик, Черник, Раговик, Лось, Генчаров, Селюк, Матвеенко Гол: Селюк 37 Төрешілер: Қосмұхамбетов, Абраев Нұрсұлтан Оразымбет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×