"ЛЕСТЕР" АСПАНЫНДАҒЫ ҚАРА БҰЛТ СЕЙІЛЕР ЕМЕС

07.02.2017, 03:00
"ЛЕСТЕР" АСПАНЫНДАҒЫ ҚАРА БҰЛТ СЕЙІЛЕР ЕМЕС
wbnjbrqv0po Өткен маусым тарихқа кетті. Былтыр ғана табанды ойынымен талайды тамсандырып, сенсациялы түрде Англия премьер-лигасының жеңімпазы атанған - "Лестер Сити" футбол клубының қазіргі хәлі мүшкіл. Сүреңсіз ойынымен жанкүйерлерін жер қаратып жүрген "түлкілер", 2017 басталғалы қарсылас қақпасына мүлдем гол соқпаған. Еуропаның үздік 5 лигасының "Лестерден" басқа барлық командасы бұл жылы қарсылас қақпасының кілтін тапқан. Англия примьер лигасында дəл мұндай антирекордтық нəтижені 1985-1986 маусымда, қаңтар- ақпан айында 5 ойын бойы гол соқпаған "Тоттенхэм" футбол клубы тіркеген. Қазіргі уақытта "Лестер" Англия премьер-лигасында турнирлік кестенің 16 орнында жайғасып, Чемпионшипқа түсу аймағынан бір ғана ұпай жоғары тұр. 1937-1938 жылы "Манчестер Сити" футбол клубы чемпиондықтан соң, Чемпионшипқа төмендеген жалғыз клуб болып саналады. "Лестердің" соңғы 5 ойыны: "Лестер" 0-0 "Мидлсбро" "Челси" 3-0 "Лестер" "Лестер" 0-3 "Саутгемптон" "Бернли" 1-0 "Лестер" "Лестер" 0-3 "Манчестер Юнайтед"   Ержігіт Күнтубаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×