Хакимидің агенті: «Ашраф «Реалдан» Зиданның кесірінен кетті»

06.07.2020, 04:31
Бұл шешімі үшін Зидан бармақ тістеп қалмаса жарар еді.
Хакимидің агенті: «Ашраф «Реалдан» Зиданның кесірінен кетті»

Мароккалық қорғаушы Ашраф Хакимидің агенті Алехандро Камано Хакимидің "Реал Мадридтен" "Интер Миланға" ауысуы туралы пікір білдірді.

"Хакими «Реалдан» Зиданға байланысты кетіп қалды. Зинедин неге Ашрафты ешқашан шақырмағанын түсіндіруі керек. Оның "Реал Мадридке" оралуы Карвахаль сияқты ойыншының болуына байланысты мүмкін болмады деп ойламаймын. Алайда, мен "Интерге" өткен Ашрафтың жарқын болашағына сенемін. Конте Хакимимен үнемі байланыста болды. Ол оған клубтың жобасы туралы айтып берді, сондықтан біз "Интерді" таңдадық. Конте сияқты деңгейдегі жаттықтырушы сізбен байланысқа шықса, бұл сіздің бапкердің жоспарларының маңызды бөлігі екендігіңізді дәлелдейді", - деп хабарлайды Камано

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×