Исламбек Қуаттың командасы турнирмен қош айтысуға тағы бір қадам жақындады

06.07.2020, 07:09
Коронавирусқа байланысты «Оренбург» командасы толық емес құрамда кездесу өткізді
Исламбек Қуаттың командасы турнирмен қош айтысуға тағы бір қадам жақындады

Құрамында , Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Исламбек Қуат ойнайтын “Оренбург” командасы , сырт алаңда өткен 26-тур ойынында қазандық “Рубин” командасына жол берді.

Матч “Қазан Арена” стадионында өтіп , есеп 1-0 болып аяқталып алаң иелері жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 67-минутта Денис Макаров салды.

Естеріңізге сала кетсек “Оренбург” командасы коронавирус эпидемиясына байланысты , толық емес құрамда матч өткізді.

“Рубин” турнирлік кестеде 30-ұпаймен 12 орында келе жатса, “Оренбург” командасы 6-ойын қатарынан жеңіліп 16- орынға жайғасты. 

Әлішер Хабидолла

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×