"Порту", "Зенит" және "Шанхай СИПГ" клубтарының бұрынғы ойыншысы Халк франциялық "Сент-Этьенге" ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Correio de Manha сайты.
34 жастағы бразилиялық ойыншы 7 желтоқсан күні қытайлық "Шанхай СИПГ" командасынан кеткені туралы мәлімдеген болатын. Одан кейін, Халкқа англиялық "Вулверхэмптон" құда түскісі келгенімен, футболшы АПЛ-дың жаңа критерийлеріне сай болмай шықты. Осы сәтті ұтымды пайдаланған "Сент-Этьен" Халкқа келісімшарт ұсынуда.
Бұған дейін, ойыншыға жоғарыда аталып кеткен экс-клубтары "Порту" мен "Зениттен" ұсыныс түскені белгілі болған болатын.
Шыңғысхан Досмухамбетов
Біздің серіктес: FONBET