Хамес Родригес катарлық клубпен келіссөздер жүргізуде

21.09.2021, 14:39
Әзірге қай клубпен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгісіз.
Хамес Родригес катарлық клубпен келіссөздер жүргізуде

"Эвертонның" 30 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушысы Хамес Родригес катарлық клубпен келіссөздер жүргізуде, деп жазады италиялық журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында. Мұның қай клуб екені әзірге белгісіз. Бірақ келіссөздер сәтті өтіп жатыр.

11 қыркүйекте Хамес "Стамбул Башакшехир" клубымен нақты мәмілеге келе алмағандықтан "Эвертонға" қайта оралды.

Родригес Премьер-лиганың осы маусымында бірде-бір матчқа қатысқан жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Хамес өткен жылдың қыркүйегінде "Эвертонға" ауысқан еді, оған дейін "Реал Мадрид", "Бавария", "Монако", "Порту", "Банфилд", және "Энвигадо" клубтарының намысын қорғаған. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасының 23 ойынына қатысып, алты гол соқты, төрт нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×