Тамыз айының үздік ойыншысы анықталды

21.09.2021, 11:18
Тамыз айының үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен OLIMPBET-Қазақстан Кубогінің үздік ойыншысын анықтады. 

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік ойыншысы болып алматылық «Қайрат» командасының шабуылшысы Артур Шушеначев танылды. Қазақстандық ойыншы 32 ұпай жинады. 

Аталмыш тізімде екінші орынға Артурдың командаласы Вагнер Лав орналасты. Бразилиялық 24 ұпайға қол жеткізсе, үздік үштікті «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий түйіндеді – оның 21 ұпайы бар. 

Өткен айдың үздік бапкері атағына сауалнамада бірден төрт маман 4 ұпайдан жинады – олар Магомед Адиев («Шахтер»), Срджан Благоевич («Каспий») және Владимир Никитенко («Қайсар»). 

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жаңа идеяны жүзеге асыруда. Осы уақыттан бастап ай қорытындысы бойынша номинациялар иегерлерін қазақ футболының ардагерлері марапаттайтын болады.

Марапатты Артур Шушеначевке OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 21-турының «Қайрат»-«Қызыл-Жар СК» ойынының алдында отандық футболдың белгілі ардагерлерінің бірі Вахид Масудов табыс етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×