Хамес жақын арада «Эвертон» ойыншысы атанады

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
03.09.2020, 20:51
Екі жақтан құдалар келісіп қойған дейді.
Хамес жақын арада «Эвертон» ойыншысы атанады

"Реал Мадриддің" жартылай қорғаушысы Хамес Родригес бүгін "Эвертонның" медициналық тексерісінен өтеді деп күтілуде.

Дереккөздердің айтуынша колумбиялық ағылшын клубына келісімін беріп қойған. 29 жасапр ойыншының трансфер құны шамамен 23 млн еуро болады.

Хаместың дәл "Эвертонды" таңдауының себебі оны көндірген клубтың бас бапкері Карло Анчелотти екен. Қос азамат бұрындары "Реал" мен "Баварияда" бірге жұмыс жасаған еді.

Жартылай қорғаушы жаңа құрам сапында жылына 4,5 млн еуро алмақ.

Өткен маусымда Родригес 14 кездесу де 1 гол мен 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×