Харри Кейн мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

11.05.2021, 01:19
Харри Кейн клубтық мансабында бірде-бір трофейге қол жеткізбеген.
Харри Кейн мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

"Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн мансабын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport.es.

Газеттің жазуынша, 27 жастағы футболшы каталондық клубқа қосылғысы келеді. Оның үстіне Кейннің агенті "Барселонамен" байланысқа шығып үлгерді. Алайда клуб басшылығы ағылшын футболшысының Испанияға бейімделу барысында кездесетін қиындықтарға байланысты бұл трансферге күмәнмен қарауда. "Барселона" жақын арада нақты шешім шығарады деп күтілуде.

Кейн - "Тоттенхэмнің" түлегі. Ол лондондық клубта 2011 жылы дебют жасаған. Осы маусымда шабуылшы Англия Премьер-лигасының 32 матчына қатысып, 21 гол соқты (4 - пенальтиден) және 13 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×