Хаверц жақын арада «Челси» ойыншысы атанады

20.07.2020, 20:47
«Челси» келесі маусымда чемпиондыққа таласайын деп тұр.
Хаверц жақын арада «Челси» ойыншысы атанады

Леверкузендік«Байердің» жартылай қорғаушысы Кай Хаверц «Челсиге» ауысуға жақын, деп хабарлайды The Atletic.

Көптеген еуропалық клубтар 21 жастағы неміс ойыншысына қызығушылық танытып еді, бірақ дәл осы сәтте тек "Челси" ғана ол үшін қажетті соманы төлеуге дайын болып шықты. Хаверц тіпті Лондондық клубпен жеке келісімшарт бойынша да келісіп үлгерген.

Кайдың «Челсиге» ауысуы шамамен 80 миллион еуроға бағаланады деп күтілуде. Хаверц "Байер" сапында осы маусымда барлық жарыстарда 43 матчқа қатысты. Жартылай қорғаушы 17 гол және 9 голдық пас берді.

«Челси» 63 ұпаймен Премьер-Лиганың үшінші сатысында тұр. 37-ші турда Фрэнк Лэмпард шәкірттері «Ливерпульге» қарсы ойнайтын болады. (22 шілде, Нұр-Сұлтан уақытымен 01:15-те басталады).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×