«Боруссия» тағы бір вундеркиндті сатып алды

20.07.2020, 21:06
Жас ойыншылар «Боруссияға» ойынын жақсартып, топ-клубқа ауысу үшін барады.
«Боруссия» тағы бір вундеркиндті сатып алды

«Бирмингем» футбол клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем «Боруссия Дортмундқа» ауысты. Тараптар ұзақ мерзімді келісімге отырды, оның нақты шарттары көрсетілмеген, деп хабарлайды Германия клубының ресми сайты.

Бұған дейін 17 жасар ағылшындық ойыншы бес жылдық келісімшартқа қол қояды деген ақпарат болған. Беллингемнің трансферлік құны 23 миллион еуроны құрады. Ағылшындық ойыншы осы маусымда "Бирмингемде" барлық жарыстарда 42 ойын өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×