«Барселонаның» бұрынғы футболшысы және қазіргі «Аль Садд» бас бапкері Хави Эрнандес Таяу Шығыста жұмысын жалғастырады.
Катарлық клубтың ресми сайтында хабарланғандай, маманмен келісімшарт ұзартылды. Хавидің "Аль-Саддпен" жаңа келісімі 2020/2021 маусымын аяқтауға арналған. Хавидің келесі маусымда «Барселонаға» бас бапкер ретінде оралу туралы ұсынысты қабылдағаны туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта "Барселона" командасын Энрике Сетьен баптайды.
Хави - «Барселонаның» тәрбиеленушісі, ол футболшы болған кезде 17 жыл бойы Каталониялық клубтың намысын қорғаған. Мансабының соңында экс-жартылай қорғаушы төрт жыл «Аль-Саддта» өткізді, былтыр ол команданың жаттықтырушысы лауазымын алып, оны Катар кубогында жеңіске жеткізді.
Біздің серіктес: FONBET