ХХІ ғасырдың үздік төрешісі анықталды

17.02.2021, 04:09
Әйгілі италиялық төреші Пьерлуиджи Коллинаға бұл тізімнен орын табылмады.
ХХІ ғасырдың үздік төрешісі анықталды

Феликс Брих ХХІ ғасырдағы әлемнің үздік футбол төрешісі атанды. Үздік төрешілердің рейтингін Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) жариялады. Бұл тізім 2001 жылдан 2020 жылға дейінгі жылдық рейтингтерді біріктіру негізінде жасалды.

ХХІ ғасырдағы ең үздік төрешілердің тізімі төмендегідей:

1. Феликс Брих (Германия);

2. Джюнейт Чакыр (Түркия);

3. Ховард Уэбб (Англия);

4. Маркус Мерк (Германия);

5. Бьерн Кейперс (Голландия);

6. Никола Риццоли (Италия);

7. Оскар Хулиан Руис (Колумбия);

8. Массимо Бузакка (Швейцария);

9. Хорхе Луис Ларионда (Уругвай);

10. Любос Михель (Словакия).

11 орынды әйгілі италиялық төреші Пьерлуиджи Коллина иеленді. IFFHS оны алты рет әлемдегі ең үздік төреші деп таныған болатын, бірақ олардың кейбіреуі ХХ ғасырға сәйкес келді, бұл Коллинаға ХХІ ғасырдың үздік төрешілері тізімінде көш бастауға мүмкіндік бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×