Алексей Щёткин «Ротор» сапындағы кезекті голын соқты

17.02.2021, 03:55
Бұл матчқа Қазақстан құрамасының үш ойыншысы да қатысты.
Алексей Щёткин «Ротор» сапындағы кезекті голын соқты

Жолдастық кездесуде «Ротор» «Динамо Батуми» клубымен кездесті. Ойын Белек қаласында (Түркия) өтіп, 3:1 есебімен волгоградтық команданың пайдасына аяқталды.

Бірінші таймның соңында, кездесудің 40-минутында, «Ротордың» жартылай қорғаушысы Олег Алейник пенальтиді сәтті орындау арқылы есеп ашты. 55-минутта шабуылшы Алексей Щёткин командасының басымдығын арттырды. 9 минуттан кейін «Ротор» шабуылшысы Камиль Муллин пенальтиден мүлт кетпеді. Кездесудің 87-минутында Грузия құрамасының ойыншысы есеп айырмасын қысқартты.

Қазақстан құрамасының ойыншылары Дмитрий Шомко мен Юрий Логвиненко алғашқы минуттан бастап алаңға шықты. Бірақ екінші таймда алмастырылды. Ал Алексей Щёткин алаңға екінші таймда шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×