Голландия құрамасының бас бапкері жақын арада ауысуы ықтимал. Өздеріңіз білесіздер, «қызғалдақтар» елінің құрамасы Еуро-2016 додасында Қазақстанмен бір топта өнер көрсетеді. «А» тобындағы алғашқы 3 ойыннан соң Нидерланды командасында небәрі 3-ақ ұпай бар. Роббин ван Перси бастаған жігіттер Чехия құрамасына жеңілген соң, Қазақстанды өз алаңында ұтты. Ал соңы ойында олар сырт алаңда Исландиядан 2-0 есебімен жеңілді. Осындай төмен көрсеткіштен соң команданың бас бапкері Гус Хиддинк орнынан кетеді деген ақпараттар көп тарауда. Еуропаның көптеген атақты баспасөз өкілдері Хиддинктің орнына нөмері 1-кандидаттың кім екенін де жасырмай айтып отыр. Ол – жақында ғана бапкерлік қызметін бастаған Рональд Куман. Ағылшын премьер-лигасындағы «Саутгемптон» командасының бапкері Нидерланды Футбол Федерациясының шешімімен Хиддинкті алмастырады деген хабарламалар бірнеше газеттің бірінші бетінде тұр.