Дудченко командаға қайта қосылды

16.10.2014, 13:22
Дудченко командаға қайта қосылды
450_543ec81289558Павлодарлық «Ертіс» командасының шабуылшысы Константин Дудченко команда сапына қайта қосылды. Ресейлік шабуылшы тізесіне жасалынған отадан соң Павлодар қаласына келіп жетті. Ауыр жарақатты Санкт-Петербург қаласына барып емдетіп келген шабуылшы енді командамен бірге жаттығуларға қатысатын болады. Команда бапкерлерінің айтуынша, Константин «Ертістің» чемпионат соңындағы бірнеше матчына қатысып қалуы да ықтимал. Алдыңғы шебтің негізгі ойыншысы керекулік ұжым үшін биылғы маусымда 11-гол соққан болатын. Айта кететін болсақ, «Ертіс» чемпионаттағы келесі кездесуін 19-қазан күні өткізеді. Ойрат Садуовтың командасы сырт алаңда Семейдің «Спартагына» қарсы тұрмақ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×