Хижниченко "Pepsi" командасының құрамына енді

25.04.2014, 02:11
Хижниченко "Pepsi" командасының құрамына енді
Хижниченко выбрал команду Польшалық «Корона» командасының және Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко әлемдік жұлдызды футболшылар өнер көрсететін "Pepsi" командасының құрамына енді.  — Танымал футболшылармен бір командада ойнаудың өзі мен үшін үлкен жетістік. Бұл маған тәжірибе жинауға көп көмегін тигізеді, - деп футболшы өз қуанышын әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен бөлісті. Соңғы кездері Сергейдің елге қайтып оралуы жайлы ақпараттар көп айтыла бастады. Юсуп Шадиев: «Хижниченко, скорее всего, вернется в Казахстан» Қазақстандық футболшы өткен маусымда қарағандылық "Шахтердің" негізгі шабуылшысы болды. Чемпиондар Лигасының іріктеу ойындарында үздік ойынымен көзге түсіп, борисовтың БАТЭ-сіне 1 гол, албандық «Скендербеуге» 2 гол, шотландық «Селтикке» 1 гол соққан. Кубоктік ойында 5 мәрте жасыл алаңға шығып, жалғыз голды өз еншісіне жазғаны тағы бар. Ел біріншілігінде 20 ойында 5 рет мергендігімен көзге түскен. Сондай-ақ, 2013 жылы ұлттық құрама сапында жасыл алаңға шығып Грузия қақпасына жеңісті гол соқты. Польшалық «Корона» командасымен 2014 жылы 25 қаңтарда келісім - шарт жасасқан болатын. Келісім-шарт мерзімі 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталады.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×