Холланд: «Мен жақын арада «Боруссиядан» кетпеймін»

26.06.2020, 21:43
Холланд бұл сөзінде тұра ала ма екен? Себебі, ол қазір ірі клубтардың назарында жүр.
Холланд: «Мен жақын арада «Боруссиядан» кетпеймін»

Дортмундтық «Боруссия» клубының шабуылшысы Эрлинг Холланд жақын арада басқа клубқа ауыспайтынын айтты.

«Мен қазір жақсы өмір сүріп жатырмын. Мен "Дортмундқа" енді ғана келдім, сондықтан жақын арада кетпеймін », - дейді "Marca" басылымына берген сұхбатында.

Германия чемпионатының ағымдағы маусымында Холланд «Боруссия» үшін 14 матч өткізіп, 13 гол соғып, үш голдық пас беріп үлгерді. Германия чемпионатының 33 турынан кейін «Боруссия» екінші орын алды. Еске салайық, "Бавария" мерзімінен бұрын Бундеслиганың жеңімпазы атанған болатын.

Холланд "Боруссияға" "Ред Булл Зальцбургтен" 2020 жылдың қаңтарында ауысып келлі. Трансфер құны 20 миллион еуроны құрады. Норвегиялық футболшы мен неміс клубының арасындағы келісім 2024 жылдың жазына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×