Месси Ла Лига кестесінің жоғарғы бөлігіндегі командаларға бар болғаны 4 гол соқты

26.06.2020 16:27 Ла Лига

Леоның қайраты қайтып бара жатқан сияқты.

Месси Ла Лига кестесінің жоғарғы бөлігіндегі командаларға бар болғаны 4 гол соқты

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси осы маусымдағы голдарының көпшілігін Испания лигасы кестесінің төменгі жағында орналасқан командаларға қарсы соққан. Бұл зерттеуді "BeSoccer" журналисі және "ProFootballDB" статистикалық орталығының редакторы Ману Гередия Twitter-де жариялады.

Деректерге сәйкес, 33 жастағы аргентиналық шабуылшы ағымдағы маусымда салған 21 голының 17-сін турнир кестесінің екінші жартысында орналасқан командаларға соққан.

Ал қалған төрт гол Мадридтің «Атлетикосы», «Севилья», «Гранада» және «Реал Сосьедад» командаларымен болған ойындарда соғылды. Өткен маусымда жағдай керісінше болған еді - Лионель Месси турнир кестесінің алғашқы ондығына кіретін командаларға қарсы соғылған голдар саны бойынша Испанияда көш бастаған болатын.

24 маусымда «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси 33 жасқа толды. Ол 2003 жылы мансабы басталғаннан бері "Барселонаның" намысын қорғап келеді. Аргентиналық шабуылшы 10 рет Испания чемпионы болды, алты рет Кубокты және сегіз рет - Испания Суперкубогын жеңіп алды. Каталондық клубта Лионель Месси Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы және үш мәрте - УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды.

0 пікір