Клопп данышпан! «Ливерпуль» - чемпион!

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
26.06.2020, 20:45
«Ливерпуль» үшін бұл чемпиондық маңыздылығы жағынан «Чемпиондар Лигасындағы» жеңістен де асып түсетіні сөзсіз.
Клопп данышпан! «Ливерпуль» - чемпион!

"Ливерпуль мұны жасады!" 30 жылдан кейін Англия чемпионы атанды! Қыс мезгілінен бері ешкім күмәнданбаған жеңіске жетіп, титулдың өзі командаға кеше жалғыз бәсекелесі «Манчестер Ситидің» арқасында ертерек келді. «Ливерпульдің» бұл чемпионатты сөзсіз жеңетіні белгілі еді. Әрине жүйкесін тоздырған Юрген Клоппқа да оңай болмады. Бір кездері коронавирустық пандемия салдарынан чемпионатты өткізбеу және чемпионды анықтамау туралы шешім қабылдауы мүмкін деген де ақпарат шыққан еді. Мұның бәрі артта қалды. "Ливерпуль" - чемпион!

Бұл мақалада біз «Ливерпульді» чемпиондыққа жетелеген 8 қаһарман жайлы айтатын боламыз.

«Ливерпуль» ақыры ресми түрде Англия чемпионы атанды. Енді ешкім дауласпайды: Клопптың командасы Англияда бәрін тас-талқан етіп, көптен күткен титулды жеңіп алды. Ал енді мерсисайдтықтар үшін керемет маусым өткізген басты кейіпкерлерді еске түсіріп көрейік.

Мохаммед Салах 27 матч, 17 гол, 7 голдық пас

Мо Салах қатарынан үшінші керемет маусымды өткізуде. Ол әлі күнге дейін "Ливерпуль" шабуылының көшбасшысы және Клопп командасының ең сенімді ойыншысы болып қала береді. Шабуылшылардың көшбасшысы Джейми Вардиден мысырлық ойыншы небәрі 2 гол артта қалып келеді, сондықтан Премьер-Лиганың үздік ойыншысы атануға үшінші рет нақты мүмкіндік бар. Менің ойымша, бұл мысырлықты біреу тоқтата ала ма?

Садио Мане 28 матч, 15 гол, 9 голдық пас

Садио - "Ливерпульдегі" шабуыл шебінде Салахтың жеке ойнауына мүмкіндік бермейтін адам. Мане шабуылда жылдамдығы мен өзгергіштігін қосатын ойыншы. Сонымен бірге, Мане тиімді әрекеттерінің саны бойынша мысырлық ойыншыдан кем түспейді. Алдыңғы жылы «Алтын доп» үшін күресте, дауыс беру нәтижелері бойынша сенегалдық Салахтан тіпті 200 ұпайға асып түскен болатын.

Роберто Фирмино 31 матч, 8 гол, 7 голдық пас

Шабуылдағы серіктестерінен айырмашылығы, Фирмино онша көп гол соқпайды. Бірақ өте керекті кезде гол соғатын қасиеті бар. Фирминоның осы маусымдағы 8 голының алтауы жеңісті гол болды. Бұл жағынан Фирмино Премьер-Лиганың үшінші орынында. Алайда шабуылшыға Юрген Клопп көп гол соғуды талап етпейді. "Ливерпуль" жаттықтырушысы бразилиялықты команданың байланыстырушысы деп атайды және оның қаншалықты маңызды екенін үнемі айтып отырады. Фирмино шынымен де команда үшін өте пайдалы жұмыс жасайды - шабуылда да, қорғаныста да.

Джордан Хендерсон 27 матч, 3 гол, 5 голдық пас

Daily Mail мен BBC оқырмандарының пікірінше, еңбекқор Хендерсон осы маусымда өміріндегі ең жарқын кезеңді өткізді және Премьер-лигадағы ең үздік ойыншы деп танылды. Көбісі ағылшынның бұл атаққа лайық емес екенін айтады. Бірақ өзіңіз ойлаңыз: ол "Ливерпуль" клубының сөзсіз жетекшісі, ағылшындық ойыншы алаңның ортасында қажетті тепе-теңдікті қалыптастырады, онсыз команда Премьер-лигада бір рет жеңіліске ұшырап, Англия Кубогынан ұшып кетті, ал Клопп Хендерсонның клубта Джерардты алмастыра алатындығын мәлімдеді. Егер Джордан маусымның үздік ойыншысы атағына лайық болмаса да, ол "Ливерпуль" табысының негізгі жасаушыларының қатарында болуы керек.

Трент Александр-Арнольд 31 матч, 3 гол, 12 голдық пас

Трент қазіргі қаптал қорғаушыларының жалпы идеясын өзгертуді жалғастыруда. Александр-Арнольд бір маусымда 12 пас беріп, Премьер-Лиганың қорғаушылары арасында рекорд орнатты, ал келесі маусымда оның жетістігін басқа ойыншы қайталайды деп ойлайсыз ба? 21 жаста! Сонымен қатар, Александр-Арнольд өз рекордын бұзу үшін алда тағы 7 матч бар. Ғажайып!

Вирджил ван Дейк 31 матч, 4 гол, 1 голдық пас

Вирджил - нағыз қабырға және "Ливерпульдің" қорғаныс шебіндегі көшбасшысы. Осы маусымда ол алаңда 2790 минут өткізді. Бұл командадағы ең жақсы көрсеткіш. Голландиялықты бірінен соң бірі жеңу мүмкін емес, бірақ сенімді қорғаушының арқасында, Жоэл Матип пен Деян Ловреннің де беделі көтеріліп қалды. Нәтижесінде Вирджил "Алтын доп" үшін күресте алғашқы орындардан көріне алады. Голландиялықтың "Ливерпульге" қосқан үлесін бағалау мүмкін емес.

Алисон Беккер 22 матч, 11 гол жіберілді, 14 «құрғақ матч», 1 голдық пас

Егер сіз Алиссонның қазіргі "Ливерпуль" үшін қаншалықты маңызды екенін түсінгіңіз келсе, Адрианның Англия Кубогындағы «Челси» мен Чемпиондар лигасындағы «Атлетикоға» қарсы ойында қалай ойнағанын қараңыз. Екі кездесуде де "Мерсисайдтықтар" ұтылып, қақпашы өте өрескел қателіктер жіберді. Алиссон қақпада керемет түрде әрекет етеді. Осы маусымда ол 9 матчты жарақат алып, өткізіп алды, бірақ әлі де Премьер-Лиганың «құрғақ матч» көп өткізген қақпашылардың қатарында бірінші орында тұр. Сонымен қатар, ол тіпті «Ливерпуль» қақпашылары 10 жыл бойы бере алмаған голдық пасты берді. Керемет!

Юрген Клопп 31 матч, 28 жеңіс, 2 тең ойын, 1 жеңіліс

Клопп керемет шәкірттер тәрбиелеп, қайтадан "Ливерпульді" Еуропадағы үлкен командаға айналдырды. Онымен бірге көптеген ойыншылар үздік футболшыларға айналды, оның жеті ойыншысы ВВС нұсқасына сәйкес 2019/2020 маусымның үздік құрамына енді, ал "Ливерпуль" 30 жыл ішінде алғаш рет Англия чемпионы атанды. Тағы не айтайын? Клопп - данышпан!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×