Хосе Канте соққан гол «Қайратқа» жеңіс сыйлады

29.05.2021, 02:00
Матчтың тағдырын Канте соққан бір гол шешті.
Хосе Канте соққан гол «Қайратқа» жеңіс сыйлады

"Қайрат" Қазақстан чемпионатының он төртінші турында "Қайсармен" кездесті. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды "Қайраттың" шабуылшысы Хосе Канте соқты. Ал нәтижелі пасты Вагнер Лав өз еншісіне жазды.

Үш ұпайға қол жеткізген алмытылық клуб турнирлік кестеде үшінші орынға табан тіреді (24 ұпай). "Қайсар" 7 ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×