«Жетісу» жеңісті сериясын үш матчқа ұзартты

29.05.2021, 03:00
Талдықорғандық ұжым енді ғана есін жия бастады.
«Жетісу» жеңісті сериясын үш матчқа ұзартты

"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында "Жетісу" клубын қабылдады. Матч "Түркістан Аренада" өтіп, 0:2 есебімен талдықорғандық клубтың пайдасына аяқталды.

Бұл матчтағы алғашқы гол 51-минутта соғылды. Равиль Атыхановтың сол қапталдан берген пасын Нұрберген Нұрбол сәтті түйіндеді. Ал 64-минутта Айбар Жақсылықов пенальтиді сәтті орындап, матчтың нүктесін қойды.

Қатарынан үшінші матчта жеңіске жеткен Ринат Алюетов шәкірттері турнирлік кестеде 10 ұпаймен он екінші орынға жайғасты. Қоржынында 15 ұпайы бар "Тұран" оныншы орында тұр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×