Давид Алаба «Реал Мадрид» клубымен келісім-шарт жасасты

29.05.2021, 03:47
Австриялық футболшы мадридтік клубты таңдағаны үшін қаржылай сыйақыға ие болды.
Давид Алаба «Реал Мадрид» клубымен келісім-шарт жасасты

Мадридтік "Реал" "Бавария" клубының қорғаушысы Давид Алабамен келісімге келді. Футболшы бес жылдық келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды испанияық клубтың ресми сайты.

Футболшы "Реал Мадридтің" жаңа ойыншысы ретінде Еуро-2021 турнирі аяқталғаннан кейін таныстырылады.

Бұған дейін ойыншы мен оның агенті мадридтің клубпен келісім-шарт жасалған жағдайда қаржылай бонусқа ие болады деп хабарланған болатын. Агенті Пини Захави, футболшының әкесі Джордж Алаба және футболшының өзі "Реал Мадридті" таңдағаны үшін 20 миллион еуроны қалтасына басады. Ал Алабаның жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрамақ.

Давид Алаба "Бавария" сапында 2009 жылдан бері ойнайды. Австриялық футболшы Бундеслигадағы матчтар саны бойынша мюнхендік клубтағы легионерлер арасында рекорд орнатты (281 ойын).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×