Массимилиано Аллегри «Ювентустың» бас бапкері атанды

29.05.2021, 04:01
Туриндік клуб жас маманға сенім артпады.
Массимилиано Аллегри «Ювентустың» бас бапкері атанды

"Ювентус" өзінің ресми сайтында команданың бас бапкері қызметіне Массимилиано Аллегридің тағайындалғанын жариялады. Келісім-шарт жайлы нақты ақпарат көрсетілмеген, бірақ келісім төрт жылға есептелген деп болжануда.

Аллегри туриндік клубтың тәлімгері ретінде 28 мамырда қызметінен босатылған өзінің бұрынғы шәкірті Андреа Пирлоны ауыстырды.

Аллегри 2019 жылы "Ювентустен" кеткелі бері жұмыссыз жүрді. Ол "қарт синьораны" 2014 жылдан бастап жаттықтырды. Оның басшылығымен туриндік клуб бес рет Италия чемпионы атанды, төрт рет ел кубогі мен екі рет суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар екі рет Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

Осы маусымда "Ювентус" соңғы 10 жылда алғаш рет Италия чемпионы атана алмады. Бірақ команда ел кубогін жеңіп алды және А сериясында төртінші орынмен Чемпиондар Лигасына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×