«Ливерпуль» 41 миллион еуроға қорғаушы сатып алды

29.05.2021, 04:14
Мерсисайдтық клуб жалға алынған Озан Кабакты сатып алмайтын болды.
«Ливерпуль» 41 миллион еуроға қорғаушы сатып алды

"Ливерпуль" өзінің ресми сайтында "РБ Лейпциг" клубының қорғаушысы Ибраима Конатені қатарға қосқанын хабарлады.

22 жастағы футболшы "қызылдармен" 1 шілдеден бастап күшіне енетін ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырды. Мерсисайдтық клуб бұл трансфер үшін 41 миллион еуро төлейді - бұл сома француз футболшысы мен "РБ Лейпциг" арасындағы келісім-шартта өтемақы ретінде көрсетілген.

"Біз құрамды осындай деңгейдегі футболшымен нығайтқанымызға өте қуаныштымын. Маған Ибраима бұрыннан бері ұнайды. Конате ол кезде "Сошо" сапында ойнады. Өткен маусымда кездескен қорғаныстағы мәселелерден кейін, біз осы позицияны күшейтуіміз керек болды. Біз командамызды одан әрі күшейте алатын ойыншы алдық. Оның ерекше физикалық қабілеттері бар: ол жылдам, өте мықты және баспен жақсы ойнайды. Ибраима Бундеслигада 90-нан астам және еурокубокте де біраз ойын өткізген. Конатенің біздің командада бірден жақсы ойнап кететініне сенімдімін", - деді Клопп "Ливерпульдің" баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Конате мансабын "Сошо" клубында бастады және "РБ Лейпцигке" 2017 жылы ауысып келді. 2019 жылдан бастап ол Францияның жастар құрамасына шақыртылды. Осы маусымда 22 жастағы қорғаушы Бундеслиганың 14 матчына қатысып, бір гол соқты, екі сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×