Хуан Фернандес Марин: «Біз бірігіп қазақстандық футболды жақсарта аламыз»

11.09.2021, 16:34
Төрешілер VAR жүйесіне қатысты семинарлар өтуде.
Хуан Фернандес Марин: «Біз бірігіп қазақстандық футболды жақсарта аламыз»

ҚФФ төрешілік және инспекция бөлімінің басшысы Хуан Фернандес Марин қазақстандық төрешілерді VAR жүйесімен жұмыс жасау бойынша өткізілген екінші семинардың қорытындысын шығарды.

«Біздің Olimpbet-Қазақстан чемпионатында VAR жүйесін ертерек енгізудің белгіленген бағдарламасы мен жоспарына сәйкес төрешілер, төрешілердің көмекшілері ФИФА нұсқаушысы Фархад Абдуллаевтың басшылығымен футбол үйінде ҚФФ ұйымдастырған семинарға қатысты.

Семинардың бірінші күні барлық төрешілер мен олардың көмекшілері ФИФА-ның міндетті фитнес-тестінен өтті. Бірнеше төреші денсаулығына байланысты оны тапсыра алмады.

Футбол үйінің аренасында практикалық жаттығулар үшін Қазақстан футбол федерациясы Нұр-Сұлтан қаласының футбол федерациясымен бірге 2004 және 2005 жылғы 5 команданың қатысуымен шағын турнир ұйымдастырды: БЖМОРСМ №8 (2004 және 2005), «Астана» (2004 және 2005) Және SD «Family» (2005). Турнир жеңімпазы «Астана» командасы (2004) болды.

Семинарға Қазақстан чемпионаты мен Бірінші лиганың барлық төрешілері қатысты.

Семинар барысында мен төрешілік корпустың басшысы ретінде барлық төрешілерге біздің қазақстандық футболды қорғау жөніндегі тапсырмаға қатысты ұсыныстар мен нұсқаулар бердім.

Спорттың, әсіресе футболдың біздің қоғамға тигізетін әлеуметтік әсері туралы түсіну маңызды. Сонымен қатар жастарды тәрбиелеудегі жауапкершілікті есте ұстаған жөн.

Матч төрешілері бұл талаптарды біледі және адал ойынға қайшы келетін кез келген жағдайға қарсы әрекет етеді.

Біз чемпионаттың барлық қатысушыларын - басшылықты, жаттықтырушылар мен команда капитандарын ойынға, қарсыласқа, сондай-ақ матчтардың ресми өкілдеріне құрметпен қарау үшін осы талаптармен танысуға шақырамыз.

Olimpbet- Қазақстан чемпионаты қайта басталмас бұрын, біз барлық командаларға бірдей талаптар, принциптер мен өзара сыйластық сақталады деп үміттеніп, сәттілік тілейміз. Біз бірігіп қазақстандық футболды жақсарта аламыз. Бұл біздің ортақ мақсатымыз», - деді Хуан Фернандес Марин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×