АПЛ-дің тамыз айындағы үздіктері анықталды

11.09.2021, 15:10
Үздік ойыншы мен үздік бапкердің есімі белгілі болды.
АПЛ-дің тамыз айындағы үздіктері анықталды

Ағылшын Премьер-лигасының ресми сайтында тамыз айының үздік ойыншысы атанған футболшының есімін жариялады

Бұл сыйлыққа "Вест Хэм Юнайтед" шабуылшысы Майкл Антонио ие болды. Өткен айда Антонио үш матчқа қатысып, төрт гол соқты және үш нәтижелі пас берді. Тамыз айында "Вест Хэм" үш кездесу өткізді: олар "Ньюкасл Юнайтедті" (4:2), "Лестер Ситиді" (4:1) ұтты және "Кристал Пэласпен" тең ойнады (2:2).

Дауыс беру кезінде Антонио Маркос Алонсо ("Челси"), Саид Бенрахма ("Вест Хэм"), Эрик Дайер ("Тоттенхэм"), Демарай Грей ("Лестер") және Мейсон Гринвудты ("Манчестер Юнайтед") артқа тастады.

"Тоттенхэм Хотспур" клубының тәлімгері Нуну Эшпириту Санту тамыз айының үздік бапкері атанды.

Дауыс беруде Санту Рафаэль Бенитес ("Эвертон"), Дэвид Мойес ("Вест Хэм Юнайтед") және Томас Тухельден ("Челси") озып кетті.

Тамыз айында лондондық клуб үш кездесу өткізіп, тоғыз ұпайға ие болды: "Манчестер Ситиді" (1:0), "Вулверхэмптонды" (1:0) және "Уотфордты" (1:0) ұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×